«Барлық пайдаланылған материалдар армерикалық өнім. Бұл жай ғана қағаз емес, яғни 40 тонна салмақты көтеретін өте мықты материал. Сонымен қатар жылуды да ұстап тұруға қауқарлы. Біз осы материалдың беріктігін дәлелдей аламыз. Жалпы, түсініспеушілік орын алғаны үшін кешірім сұраймыз. Құрылысқа құм, топырақ немесе осы тектес басқа да қарапайым материалды пайдалана алмаймыз. Бірнеше күн бұрын аталған аумаққа тиісті тестілеу шараларын жүргіздік. Сынақ нәтижесі бойынша материал төзімді болды»,-деді «Конгресс холл» жобасы бойынша Sembol компаниясының менеджері Ахмет Қарахан.
Өз кезегінде жүргізуші болып істейтін бейнероликтің авторы Вячеслав Павлюков түсініспеушілік үшін кешірім сұрады.
«Соңғы екі күнде бейнеролик аясында дүрлігіп кеткендіктен, бүгін компания басшылығынан кешірім сұрау үшін ЭКСПО-ға келдім. Маған жобалаушы инженерлер ол жерде паркинг болатынын түсіндірді. Жүкті түсірген кезде нысанның аумағында материалды пайдалану мақсаты жайында толық білмейтін едім. Дегенмен бейне жазбаны жүктедім. Атап айтқанда, бейнероликті үш апта бұрын екі досыма жіберген болатынмын. Ал осыған қатысты жұрт кешеден бері дүрліге бастады",-деді Павлюков.
Естеріңізге сала кетейік, аталған бейнеролик Фейсбуктегі топтардың бірінде жарияланған болатын. Онда автор жылу сақтайтын құрылыс материалдары ысырап төселіп жатқандығы туралы атап өткен еді.
ЕСКЕРТУ: Видеода былапыт сөздер бар