ЭКСПО-ға келетін туристер Астанадан шалғай өңірлерге саяхаттауға құлықты емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-ға келетін туристер Астанадан шалғай өңірлерге саяхаттауға құлықты емес. Бұл жайында Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз алдағы уақытта ЭКСПО-ға келушілер жайында мәліметтер жинастырудамыз. Барлық шетелдік туристерден ішінара сауалнама алдық. Ішінара 14 мың адамға сауалнама жүргіздік. Олардан әуежайларда, вокзалдарда, автостансаларда жалпы шетелдік туристер жүретін барлық жерде сұрадық. Барлық туристердің 91 пайызы көрме жайында біледі және үштен екісі оған баруға дайын», - деді ол.

Оның айтуынша, шетелдіктердің басым бөлігі қонақ үйлерге орналасып, шараларға баруды және Астанада  кемінде 2 күн болуды жоспарлауда.

«Шетелдіктердің біразы ғана Астанаға жақын аудандарға, Бурабайға баратындығын, одан да азы Ақмола мен Қарағанды облыстарына сапарлайтындықтарын айтты. Астанадан шалғай өңірлерге барғысы келетіндер тым  аз», - деді Дәленов.

Сонымен қатар бірінші вице-министр отандық туристерге қатысты деректермен бөлісті.

«ЭКСПО-ға қатысты отандастарымыздан да сауалнама алдық. 21 мың үй, пәтерде сауалнама жүргізілді. Зертеу нәтижесінде сауалнама қатысушылардың барлығы да көрме жайында біледі. 40 пайыз оған баруға, 68 пайызы билет сатып алуға дайын екендігін білдірді. Олардың басым бөлігі туған-тустарының немесе таныстарының үйлеріне тоқтайтындықтарын, кемінде 2 күн болатындықтарын айтуда», - деді ол.