Келесі кезекте сөз алған БҰҰ-ның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі бас комиссары Джихан Султаноглу ЭКСПО-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі қазіргі күш-жігерге тың серпін беретіндігін тілге тиек етті.
ҚР Ұлттық музейінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге Бейбарыс сұлтанның өмірі мен ел билеу тарихын баяндайтын Египеттегі Каир қаласының Ислам өнері музейі жинағынан жәдігерлер қойылды.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Елордада Алматы облысының мәдениет күндері өтеді. Көрме қонақтары мен қала тұрғындары алдағы айда Жетісудан келген өнерпаздардың өнерін тамашалай алады. Қазақстан орталық концерттік залында шараның салтанатты ашылу рәсімі шымылдығын түреді. Бұл күні Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы мен «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің қатысуымен ауқымды концерт болады.
Бұдан басқа ЭКСПО алаңындағы Амфитеатрда «Жерұйық - жасыл бауларым» атты концерт ұйымдастырылып, Астанадағы Алматы облысының мәдениет күндері өз мәресіне жетеді.
ЭКСПО-2017 көрмесінің келушілеріне Б.Римова атындағы драма театрының да базарлығы бар. Мәдениет күндері аясында ұжым өз репертуарын тамашалауға шақырады. «Қуыршақ» театры сахнасында «Құстар фестивалі» ертегісі сахналанады. Астаналықтар мен қала қонақтары «Жастар» театрының сахнасында облыстық театрдың тырнақалды қойылымдарының бір парасы «Ромео мен Джульетта» трагедиясын, «Ең жақсы еркек» комедиясын, «Ілияс» деректі драмасын тамашалай алады.
Астана қаласы Ұлттық-әскери музейінде М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарих беттерінен» көрмесі өтеді. Көрмеге Алматы облысынан арнайы әкелінген тарихи ерекше экспонаттар қойылады. Келушілер ғалым-саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қолданған заттарымен осы көрме арқылы таныса алады. Дәл осы ҚР Қарулы Күштерінің ұлттық әскери-тарихи музейінде «Ата-баба аңсаған мәңгілік ел» атты көркемсурет көрмесі де өтеді. Ұйымдастырушы - Алматы облыстық «Көркемөнер» галереясы» Көрмеге галереяның негізгі қорындағы бұған дейін көркемөнертанушылардың жоғары бағасын алған жергілікті суретшілердің туындылары қойылады. Сондай-ақ, Алматы облыстық «Ұста Дәркембай» атындағы қолөнер музейінің тартуы өтеді деп жоспарлануда. «Шығыс базары» Этноауылында көрме өткізеді. Қолөнер шеберлерінің металдан, теріден, ағаштан жасалған бұйымдары қонақтардың назарына ұсынылады. Қолөнер музейі қызметкерлері зергерлік пен қыш өнерінің қыр-сырына қанық болып, киіз басу, тоқыма өнерлерінен шеберлік кластарын көруге шақырады.
ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында «Хайгер квазар» қазақстандық тұңғыш электробус қатынай бастады. Экскурсиялық электрлі автобус жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады. Жоба Астана қаласының әкімдігі мен «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қолдауымен жүзеге асты.