ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы полиция подполковнигі Әмірхан Бекмырзаевқа «полиция полковнигі» атағы берілді. Ал Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Абдраманов «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Жанат Сүлейменов өз атынан «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен 26 полиция қызметкерін марапаттады. 17 полиция қызметкерінің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды.
Жиында ішкі істер органдары ардагерлерінің жас қызметкерлерді идеялық-патриотттық тәрбиелеуде үлес қосып, полицияға белсенді көмек көрсетіп жүрген 10 ауған соғысының ардагері «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.