Медиа орталықтың хабарлауынша, 10-16 шілде күндері ЭКСПО-2017 көрмесіне 277 мың адам, орта есеппен күніне 39 мың адам келген. Көрменің ашылуынан бері келушілердің жалпы саны шамамен 1 миллион 200 мыңды құрады.
ЭКСПО-ның барлық нысандарының келушілерін есептесек, өткен аптада 8 миллион 890 мың адам келген.
Танымал павильондар тізімі:
1. Африка Плаза
2. Мысыр
3. Ресей
4. Түркия
5. Жапония
6. Үндістан
7. Сауд Арабиясы
8. Өзбекстан
9. Таиланд
10. Малайзия, Германия
Медиа орталықтың хабарлауынша, өткен аптада көрме аумағында 169 оқиға тіркелді. Олардың көпшілігі жоғалған балаларды іздеуген, қоғамдық тәртіпті бұзуға және спиртті ішімдік ішуге байланысты болған.