ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен Қазақстан мемлекеттер арасындағы сенімді бірінші орынға шығарды
«Біздің ойымызша, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер ұйымның заңнамалық негізін нығайтуға күш-жігер жұмсау керек. Əрине, бұл өте қиын міндет, бірақ, солай екен деп бұл мəселені ұйымның қазіргі жəне болашақтағы күн тəртібінен сызып тастауға болмайды. Бұл мəселе бұрынғы қауіпсіздік жолдарын жаңа геосаяси шындықтарды ескере отырып қайта қарау керек болғандықтан, өзекті болып отыр»,-дейді Қ.Тоқаев.
Сенат төрағасының пайымдауынша, қауіпсіздік туралы айтпастан бұрын, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып алу керек. Себебі, дəл осы сенім шаралары халықаралық жағдайдың болжамды дамуына негіз бола алады. Өкініштісі, Қ.Тоқаев атап өткендей, халықаралық қарым-қатынаста бұл байланыс элементінің тапшылығы байқалып отыр. «Əлемде болып жатқан əртүрлі жағдайларға əртүрлі түсінік беріп, əртүрлі көзқарас танытатын ірі державалар арасындағы қарама-қайшылық сан ғасырдан бері келе жатқан құбылыс. Бірақ, бүкіл адамзаттың игілігі үшін қақтығыстарға жол бермей, бір мəмілеге келе білу - мемлекеттің ең мықты тұсы. Ұйымның атауында айтылғандай, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты бірінші орынға шығара білу керек. Сондықтан да, ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен кезде Қазақстан мемлекеттер арасындағы сенімді қалпына келтіріп, сол сенімді нығайту ісін бірінші орынға шығарған болатын»,-деп атап өтті Қ.Тоқаев.