sp;ОРАЛ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету зор жауапкершілік жүктейді. Бұл туралы Орал қаласындағы еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы халықаралық қатынастар кафдерасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Николай Осипов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі біздің мемлекетіміздің беделі мен ықпалының өскендігі болып табылады. Бұл халықаралық қауымдастықтың алдында мәртебемізді биіктетеді. АҚШ және Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынас жасауға онан әрі кең жол ашады. Яғни аталған ұйымда төрағалық ету арқылы орыстың бейнелі сөзімен айтқанда, біздің еліміз «өзін де көрсетеді, өзгелерге де танылады».
Төрағалықтың арқасында Қазақстанның Еуропадан үйренері де көп. Мұның азаматтық қоғам құру, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақ және адам құқықтарының қорғалуы, тағы басқаларына тікелей қатысы бар.
Жалпы, төраға ретінде мемлекетіміз Таулы Қарабақ, Днестр бойындағы немесе өзге де даулы аймақтардағы күрделі мәселелердің шешімін табуына атсалысуы әбден ықтимал. Мұндай жағдайда біреуін жақтау, екіншісін даттау қиын. Әр тараптың өз шындығы бар. Сондықтан төрағалық ету оңайға түспейді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).