Тіпті болуы мүмкін тәуекелдердің өзінде (мысалға, бір себептерге байланысты бірқатар елдердің басшыларының кездесуге қатыспауы) Саммиттің өтуінің өзі біздің төрағалықтың ойдағыдай атқарылуында негізгі рөл ойнайтын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне біздің елдің ЕҚЫҰ-ға төрағалығының алғашқы қорытындыларын шығара отырып, Саяси шешімдер институтының сараптама және ақыл-кеңес беру жөніндегі директоры Рустам Бурнашев айтып берді.
Оның айтуынша, ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан алдында екі болжам бар - сыртқы болжам (ең алдымен, пікірталас алаңын аталмыш мәселелермен жеткілікті түрде қамтамасыз ете отырып, ЕҚЫҰ кеңістігінде қазір кездесетін өзекті мәселелер арасында төрағаның техникалық міндеттерді біліктілікпен орындауын амалдау) және ішкі болжам (ең алдымен, демократияландыру және адам құқығы деп аталатын «үшінші қоржын» саласында ЕҚЫҰ стандарттарын біртіндеп қабылдайтын бағыт бойынша елде нақты беталысты жайғастыру).
«Жалпы алғанда, бірінші болжамға байланысты міндеттер тіпті артығымен жүзеге асырылған болып шықты. Осыған қоса, Қазақстан ең кем дегенде екі жағдайды орынды пайдалана білді. Бірінші - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік және энергетика саласында бірқатар стратегиялық бастамаларын жеткізген Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит. Екіншісі - ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстан Ресей мен АҚШ-тың бірлесе іс-қимыл жұмсауы арқылы қарбаластықты уақытша төмендетуге ықпалын тигізген Құрманбек Бәкиевті көшіру туралы бастамаға ұйытқы болған 2010 жылдың сәуіріндегі Қырғызстандағы жағдай», - деп ойын жеткізді Р.Бурнашев.
ЕҚЫҰ-ның тұлғаландырылған төрағасы болып табылатын ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы - Сырқы істер министрі Қанат Саудабаевтың дипломатиялық белсенділігі де қанағаттанарлық жұмыс болды. «Ол ЕҚЫҰ кеңістігіндегі негізгі мәселелерге - Приднестровье мен Оңтүстік Кавказдағы қатып қалған шиеленістерге, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдай мен Ауғанстанның Орталық Азия елдерімен шекарасын нығайту мәселелеріне деген Қазақстан мүддесін көрсете білді», - деді сарапшы.
Алайда, оның пікірінше, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығындағы екінші болжамға қатысты міндеттер осындай басымдыққа ие бола қойған жоқ және әзірге назардан тыс қалуда.
«Объективті және субъективті себептерді талқыламастан бұрын, дұрысында, бұл бағыт елдегі бар саяси жүйеде үміт күтетін тірек болып табылатын Қазақстанның шартты орта класының болжамдары мен нұсқамасына сәйкес келеді. Осыған байланысты, оның мүддесінің жүзеге асырылуына бағытталған нақты шараларды қолға алу қажеттілігінің уақыты жеткендігін айтуға болады. Осы орайда, кезегі келген іс-қимылдарды қазірден-ақ бастау ұтымды болар еді. Мысалға, деңгейлеріне қарай жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу», - деді өз сөзін қорыта келген Р.Бурнашев.