Бірінші таймда голл соғылған жоқ. Екінші таймда қызықты сәттер кездесті. Алаң қонақтары бір пенальти жағдайын жасап, допты шымкенттік Артем Касьянов тепті, бірақ тараздық голкипер Мұқашев өз командасын құтқарып қалды.
Дегенмен, «Ордасабы» командасының ойыншылары берілмей, тағы да қақпаға қарай шабуылдар ұйымдастырды. Мұқашев тағы да «Тараз» командасын голлдан құтқарды.
Алаң иелері сондай-ақ екі рет шабуыл жасағанымен, голл сала алмады. Соңында есеп ашылмай, тең ойынмен аяқталды.
Қонақтарға бұл есеп пайдасын тигізіп, олар қарсыластарын 9-шы орында қалдырды.