АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Эльжана Таниева Болгария астанасы София қаласында көркем гимнастикадан өткен әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық гимнаст таспамен жаттығуда жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Э.Таниева 30.900 ұпай жинап, күміс медальға ие болды.
Бұл бәсекеде өзбекстандық Тахмина Икромова чемпион атанса, қоланы бразилиялық Барбара Домингос иеленді.
Сонымен қатар Э.Таниева ұршықпен жаттығудан бесінші орынға табан тіреді. Ал доппен жаттығуда үздік алтылыққа енді.
Аталмыш әлем кубогі кезеңіне 28 елден 50-ге жуық гимнаст қатысып, бақ сынады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық гимнастың алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).