Бұл туралы бүгін Астанада өткен жиында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов мәлім етті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Президент Әкімшілігіның басшысы Кәрім Мәсімовтің жетекшілігімен арнайы жұмыс тобы құрылды. Ол жақын арада әкімшілік реформалардың барлық тетіктерін зерттеп шығуы тиіс. Әрине, басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтің аталған жұмыстан тыс қалмайтыны айдан анық», - деп атап көрсетті Б.Әбдірасылов.