«Жаңа 2013 жыл келді. Міндеттер оңай емес, біздерге экономика өсімінің қарқынын жоғалтпау керек», - деді Мемлекет басшысы.
Елбасының пайымынша, осы жыл да оңай болмақ емес. Қазірі уақытта еуропалық, американдық, толықтай алғанда әлемдік экономика қиындықтарды бастан кешіруде. «Бұл біздерге де әсер етеді. Осыған орай жаңа шаралар қабылдаймыз. Бұл жайында мен алдағы дүйсенбіде Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтатын боламын», - деді Н.Назарбаев.
ҚР Президентінің атап өтуінше, бірінші кезекте экономикалық өсім қарқынын қолдауға барынша назар аудару қажет. Ол үшін эконмиканы, әсіресе инфрақұрылымды, автомобиль, темір жолдарын, әуежайлар мен Ақтау теңіз айлағын қаржыландыруға мол қаржы жұмсалмақ.