«G-global идеясына берілген оң бағаларыңыз үшін және оған қолдау жасағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы Съездің екі күндік жұмысынан кейінгі оның жабылу салтанатына арналған шарада.
Осы орайда Президент рухани басымдықтар әлемдегі әділ негіздерге жол бастайтынын ескертіп өтті.
«Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер IV Съезінде біз бейбітшілік, келісім, жаһандық толеранттылық, діндердің өзара түсіністігі мен құрметі жиырма бірінші ғасырда ғаламшардағы барша адамдардың дүниетанымдық құндылықтары болуы үшін жаңа қадам жасадық», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.