Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына шаһар тіршілігін сәулет-құрылыс жүргізу тұрғысынан реттеу үшін пилоттық режімде енгізілген жаңа дизайын-код әдісі жөнінде мәлімдеді. Бұл әдіс мегаполистің бірыңғай стилін қалыптастыруға арналған әрі бір құжатта нақтыланған ережелер мен ұсынымдарды айқындайды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұзындығы 8,7 шақырымды қамтитын Тимирязев және Жандосов көшелерінің бойымен тартылған BRT көше-жол желісімен танысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Фейсбуктегі парақшасында Елбасының Алматыдағы жұмыс сапары жөнінде видео жариялады.