Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. «Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлық
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар: Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков - Астана қаласының әкімі; Ахметжан Смағұлұлы Есімов - Алматы қаласының әкімі;
Сергей Витальевич Кулагин - Ақмола облысының әкімі; Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов - Ақтөбе облысының әкімі; Амандық Ғаббасұлы Баталов - Алматы облысының әкімі; Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов - Атырау облысының әкімі; Нұрлан Асқарұлы Ноғаев - Батыс Қазақстан облысының әкімі;
Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев - Жамбыл облысының әкімі;
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков - Қарағанды облысының әкімі;
Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов - Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - Қызылорда облысының әкімі;
Алик Серікұлы Айдарбаев - Маңғыстау облысының әкімі;
Асқар Исабекұлы Мырзахметов - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев - Павлодар облысының әкімі;
Ерік Хамзаұлы Сұлтанов - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ахметов - Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр
№ 8