Оның айтуынша, ұстаздар оқытудың 12 жылдық моделіне 2020 жылға қарай көшуді қолдайды. Өйткені, Елбасы атап өткеніндей, 2015 жылға қарай республикалық және жергілікті бюджет есебінен 400 мектеп салынатын болады. Сондай-ақ электронды оқыту 2015 жылға қарай 50 пайызға жетіп, 2020 жылға қарай 90 пайызға дейін артады. Яғни 12 жылдық білімнің негізі қаланып, ол іркіліссіз өтетін болады. «Он екі жылдық білім деңгейіне көшу туралы көптен айтылып келе жатқанымен, біз мұндай күрт бұрылысқа дайын емес едік. Сондықтан біздің енді оған жан-жақты дайындалуымызға мүмкіндік бар. Бұл үшін көптеген мәселені шешуге тура келеді. Мәселен, білікті педагог кадрларын даярлап, жаңа оқулықтар жазып шығару қажет. Елбасы Жолдауында бюджет қызметкерлерінің, соның ішінде мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өсетіні айтылды. Бұл қазіргідей жағдайда ұстаздар үшін үлкен демеу деп айтар едім», - деді В.Вовченко.
17:46, 02 Ақпан 2011
Елбасы білім саласы қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойып отыр - В.Вовченко, БҚО
ОРАЛ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойып отыр. Бұл туралы Орал қаласындағы №32 орта мектеп директоры Владимир Вовченко мәлім етті.