Атап айтқанда, Елбасы ЭКСПО 2017 нысандарының құрылыстарына ауқымды учаскелер қажеттілік ететінін ескере отырып, елорда айналасында жер беруге тыйым салды. Осы орайда Президент ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану сылтауымен жерді басып алуға жол берілмеуі тиіс екендігін қадап айтты.
Н. Назарбаев, аталған халықаралық көрменің нәтижесінде Қазақстан экономикасы елеулі серпін алатынын, осы тұрғыда барлық орталық мемлекеттік органдардың басшыларына Астанада ЭКСПО-ны өткізу бойынша жауапкершілікпен қарауды тапсырды.