Елбасы елорданың бір топ тұрғынына пәтер кілттерін табыс етеді

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тұрғын үй қорының баспаналарына мұқтаждардың тізімінде тұрған елорданың бір топ тұрғынына пәтер кілттерін табыс етеді.

Олардың қатарында әлеуметтік қорғалатындар санатындағы азаматтар мен күш-қуат құрылымдарының қызметкерлері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.