байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта мемлекет қайраткері Г.Геншердің бүкіл өмірін Германия халқының бірлігі жолына арнағаны атап өтілген.
«Қазақстан халқы Г.Геншерді екіжақты достық қарым-қатынастарды орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан ірі тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын болады», - делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Г.Геншердің отбасы мүшелеріне, бүкіл Германия халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.