Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
13:05, 18 Ақпан 2011
Елбасы «Ғылым туралы» Заңға қол қойды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қатынастарды реттеуге, елдің ұлттық ғылыми жүйесін дамыту және қызмет етуінің негізгі қағидаттары мен тетіктерін анықтауға бағытталған «Ғылым туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қыметі.