«Бүгін осы жерде «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің, Үкіметтің барлық мүшелері, облыс әкімдері, қоғам өкілдері, басқа да саяси партиялардың жетекшілері отыр. Мен сіздерге уақыттың күтпейтіндігін әрі сын-қатерлердің ширығып келе жатқанын айтқым келеді. Бізге іс-қимыл қажет. Осыған орай мен осы кеңейтілген отырыста Қазақстан халқына Жолдау арнауға шешім қабылдадым», - деді Н.Назарбаев.
12:12, 11 Қараша 2014
Елбасы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев санаулы сәттерден кейін Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын жариялайтындығын мәлім етті.