Конференция жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Парламент депутаттары, орталық билік органдарының басшылары, халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушы институттардың, шетелдік парламенттердің, конституциялық бақылау және сот органдарының өкілдері, танымал құқықтанушы-ғалымдар қатысады.
Конференцияны Конституциялық сот, ҚР Парламенті, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті ұйымдастырып отыр.