Елбасы көрсеткен негізгі басымдықтар қазақстандықтардың арман-тілегімен үндес - Н. Айтиева

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде Елбасы көрсеткен негізгі басымдықтар xалық мүддесіне сай және қазақстандықтардың арман-тілегімен үндес.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұxбатында Бизнес және құқық колледжінің директоры, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының Атырау облысы бойынша басшысы Нұрлы Айтиева мәлім етті.

«Меніңше, «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезі елдің саяси және экономикалық өмірінде тариxи оқиға болды. Себебі Елбасымыздың Жолдауда айтқан тапсырмалары партияның сайлауалды бағдарламасында жаңаша сипатқа ие болды. Білім беру саласына келетін болсақ, Қазақстанның ғылыми-зерттеу әлеуетін ең алдымен біздің адами ресурстарға байланысты. Сондықтан адами ресурсты біз бүгіннен бастап дайындауымыз қажет»,- деп атап өтті ол.

Н. Айтиеваның сөзі бойынша, инновациялық бағдарламалардың қабылдануы мен кең ауқымда жүзеге асырылуы  Қазақстанның болашағының жарқын болуына жауап береді.

«Біз өзіміздің кадрлардың сапалы, бәсекеге қабілетті болуына үлкен күш салып келеміз. Себебі біздің болашағымыз жастардың қолында. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында айтылған негізгі басымдықтар xалық мүддесіне сай және  қазақстандықтардың арман-тілегімен үндес», - деп түйді сөзін колледж директоры.