***
Елбасының ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы тоқталуы халықтың ел болып заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірге қадам басуға жетелейді. Қазіргі дамып келе жатқан қоғамның өмір сүру қағидасының жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
Елбасымыз бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өткен: Бәсекелік қабілет, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы жөнінде сонымен қатар Таяу жылдардағы міндеттеріміз туралы да тоқталған. Біз бұл мәселелерге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, орындалуын міндетті санап, бір жеңнен қол шығарып білек сыбана кірісуге тиіспіз.
Ж. Мәлібеков,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбаның авторы
***
Елбасының жаңа мақаласы - жаңашылдыққа бастайтын жол
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа мақаласын оқып, болашаққа бағдарланған өзгерістермен таныстым.
Мақалада баяндалған біраз жайттар «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында көрсетілген болатын. Оның ішінде халықтың өзінің ұлттық сана-сезімі мен қалыптасқан кодын сақтай отырып, жаңғыруы бүгінгі заман талабы. Жаһандану мен неолиберализм үрдістері, өркениеттер тайталасы шарықтаған заманда халықтың халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді қадамға байланысты болмақ.
Мақалада көтерілген латын әліпбиі туралы кесек ой да елді жаңа өзгерістер белесіне бастары анық. Дүйім жұрт жаңа әліпби арқылы әлемдік өзгерістер көшіне еркін араласа алады. Бұл бағытта арнайы бағдарлама, әдістеме, әліпбидің өзіндік стандарты әзірленетін болады.
Қазақстанды өркениет көшінің алдына бастайтын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына ие.
Баян Ахметжанова
«Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
***
Болашақты бағдарлаған рухани жаңғыру жолы
Елбасының соңғы мақаласы еліміздің алдағы уақыттағы әлеуметтік және идеологиялық даму бағдарын айқындаған маңызды жайттарды баяедайды. Оның ішінде келесі бағыттарға ерекше тоқталып өтуге болады.
Бірінші - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Алдағы жылдарда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық аударма бюросы құрылады.
Екінші - «Туған жер» бағдарламасы. Туған жеріне, өзі өсіп-өнген жеріне көмек жасауға талпынған азаматтарды қолдау және оларды ынталандыру жұмыстары іске асады. Халық арасында үлкен қолдауға ие болса, бұл жоба жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналуы тиіс.
Үшінші - «Мәдени-географиялық белдеу» жобасы. Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу. Бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегі бола алады.
Төртінші - «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. Бұл жоба арқылы мәдени жауһарларымызды әлемге танытудың жаңа тәсілдері қарастырылады. Мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз рет әлемнің барлық елдерінде көрсетіліп, ауқымды мультимедиялық жобалар іске асырылады.
Бесінші - «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуына белсене атсалысқан, әртүрлі салада өз кәсібі арқылы табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы жариялау.
Осы бағыттағы мәндеттер табысты іске асса еліміз әлеуметтік және идеологиялық тұрғыдан жаңаша серпінмен дамиды деп сенемін.
Гүлнар Байымбетова
«Қазақстан әйелдерінің ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
***
Жаңғырған Қазақстанның жарқын бағдары
Елбасының 12 сәуірдегі мақаласы барша ел жұртының қолдауын тапқан бастамаларға толы.
Оның ішінде ұлттық бірегейлікті сақтау туралы айтқан ұсынысы менің ерекше көңілімнен шықты. Еуроцентристік көзқарас, жаһандану толқындары, әр түрлі діни және идеологиялық экспанциялардың шарықтаған уақытында халықтың өз төлтума мәдениетін сақтап қалуы және оны заманауи жетістіктермен мықтап шендестіруі бүгінгі уақыт талабы.
Осыған байланысты мемлекет және қоғам тарапынан төл мәдениемізді өркендету, ұлттық құндылықтарымызды нығайту бағытында көптеген жұмыстар жасалуда. Мұндай жұмыстар ғаламдық уақыттың жеделдеуі мен технологиялық жетістіктердің адам айтса сенгісіз жылдамдықпен дамуы кезінде аса көкейкесті деуге болады.
Сондықтан мақалада көтерілген осы және өзге негізгі мәселелер көпшілік тарапынан қолдау тауып, нақты бағдарламалар арқылы жалғасын табады деп сенемін.
Алтынай Нұркеева
«Социум-зерттеу» стратегиялык орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы