17:46, 15 Сәуір 2009
Елбасы мемлекеттік сапармен Қытайға келді
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытай астанасына келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мемлекет басшысының Бейжіңде болу бағдарламасы сәуірдің 16-сында ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесу салтанатымен және келіссөздерімен, Бүкілқытайлық халық өкілдері Тұрақты комитетінің төрағасы У.Бангомен кездесуімен басталады, Қытай экономикасының ту ұстаушы концерндері мен кәсіпорындарының басшылары қатысуымен болатын Қытай іскерлік элитасы топтары өкілдерінің бизнес-ланчында болады.
Қазақстан президентінің Қытай басшыларымен келіссөздерінің күн тәртібі қауырт болатындығын қазақстандық делегация құрамында Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары, министрлер және отандық бизнес-элита өкілдерінің болуы байқатады. Н.Назарбаев Бейжіңдегі мемлекеттік сапары бағдарламасы аяқталғаннан кейін сәуірдің 17-сінде Оңтүстік-Қытай теңізіндегі Хайнань аралдық провинциясына ұшып шығады, онда Елбасы шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен бірге Боао азиялық форумының отырысына қатысады.