Естеріңізге сала кетейік, биыл бұл сыйлыққа Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ие болған еді. Ал сыйлықты табыс ету шарасына қатысқан Е.Байдәулеттің сөзіне қарағанда, бұл сыйлыққа үміткерлердің қатарында Елбасыдан бөлек тағы 3 мемлекет қайраткері болған. Олар: Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон, Малайзия Премьер-Министрі Наджип Тун Разак және Түркияның қазіргі президенті Реджеп Эрдоған.
Әлемдік ислам қаржыландыру (Global Islamic Finance Award, GIFA) сыйлығы әлемдік және аймақтық деңгейде исламдық банкинг пен қаржыландыруды дамытудағы маңызды жетістіктері үшін беріледі. «Іріктеу әдістемесінің өзі тым күрделі. Бағалау 200 баллдық жүйе бойынша есептелінді. Мемлекет басшысы ең жоғары бағаға ие болды. Бұл біз күткен нәтиже еді. Біз Исламдық қаржыландыру қауымдастығы ретінде өз сайтымызда Мемлекет басшысының осы саланы дамытудағы рөлі жөнінде тұрақты хабарлап отырамыз», - деді ол.