«Біздерде оқулықтардың сапасына қатысты проблема бар екендігін білеміз. Сондықтан да зияткерлік мектептеріне бұл проблеманы шешу жұмыстарын басшылыққа алуды тапсырамын», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, біріктірілген білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін оқулықтарды, әдістемелік материалдар мен сандық білім беру ресурстарын әзірлеуді ұйымдастыру қажет.
«Бүгін сіздермен барлық мәселелер бойынша қабылдаған шешімдер жоғары білімді ұлт пен бәсекеге қабілетті мемлекет құруға тағы бір қадам деп ойлаймын», - деді Н.Назарбаев.
ҚР Президенті аталған шешімдерді жүзеге асыру мақсатында Үкіметке ағымдағы және келесі жылғы бюджетті нақтылауда қажетті қаражат қарастыруды тапсырды.