«Қымбатты отандастар. Бар игілігіміздің бастауы болған құтты Тәуелсіздігімізге мінекей 20 жыл толды. Бұл байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн. Бабалар аңсарын ақиқатқа айналдырған еліміз үшін ұланғайыр той. Ендеше барша Қазақстан халқын ұлыстың ұлы күніменен, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын»,-деді Мемлекет басшысы.
«Ардақты әлеумет! Алтын таққа отырған асқар дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған кер заманды да бастан кешкен елміз. Сондықтан халқымыз азаттық рухын терең сезініп, жан-жүрегімен түсіне біледі»,-деді Елбасы.