Комбинат ұжымының алдында сөйлеген сөзінде Елбасы оларды жаңа фабриканың іске қосылуымен құттықтады және осынау маңызды оқиғаның құрметіне өндірістік комбинаттың атауын өзгертуге болатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарының барысында кен байыту комбинатының жаңа өндірістік желісін іске қосу рәсіміне қатысты.