Елбасы өкілеттігін ұзарту мақсатында референдум өткізу - орайы келген іс - Қ.Мерешев, зейнеткер, БҚО

ОРАЛ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мен Өскеменде қабылданған бастамашыл топтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуін қолдап, жақында «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалына барып,

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі параққа өз қолымды қойдым. Бұл туралы Орал қаласында тұратын зейнеткер Қамидолла Мерешев мәлім етті..

«Бұл ой маған аяқасты келген жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекетіміздің ор­нығуы мен танымал­дығын арттыру жолындағы ұлан-ғайыр еңбегі, халық­аралық қауымдастық ал­дындағы зор абыройы мен беделі бәрімізге аян. Айналдырған 19 жылда әлем танитын ғажап мемлекетке айналдық. Ол - халықты бірлік пен берекелікке ұйыта білген Елбасымыздың арқасы. Осыны ойлап, орайы келген істі қолдап, мен қолымды қоюды өзімнің азаматтық борышым деп есептедім»,- деді зейнеткер.