ОРАЛ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы өкілеттігін ұзарту үшін референдум өткізу жөніндегі бастаманы Орал қаласындағы №44 орта мектеп ұжымы да қолдап отыр. Бұл туралы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Сейтімова мәлім етті.
Оның айтуынша, мектепте өткен жиналыста Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттік мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту туралы мәселе қаралған. Онда мектеп басшысы Ақжарқын Темірханова егеменді еліміздің өз теңдігін қолына алғалы бергі жетістіктері мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың іскерлік қызметі, өз халқы алдыңдағы жауапкершілігі туралы айта келіп, Өскеменде өткен жылғы 23 желтоқсанда өткен республикалық жиналысқа қатысушылар қабылдаған үндеумен таныстырды. Ұжым мүшелері үндеуді толықтай қолдап, өз тілектерін білдірді.
Осы бір сәттегі мұғалімдер тілегін Л.Сейтімова былайша өлең жолдарымен жеткізген.
Елмен бірге тілегі,
Соғар бірге жүрегі.
Халқы қолдап, шын сүйген
Елбасы - елдің тірегі.
Дана да дара, алаулы
Нұры болған жерінің.
Халқына жағып, қалаулы
Сұлтаны болған елінің.
Елдің қамын ойлаған
Көреген, көсем Елбасы.
Өзіңді қолдап, сенеді
Еңкейген қарт пен өр жасы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).