Оның пікірінше, «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық Демократиялық күштер одағын құру, сонымен қатар Президент өкілеттілігі мерзімін ұзарту жөніндегі референдумды өткізу бастамаларын уақыт пен қазақстандық даму жағдайлары еріксіз талап етеді.
«Менің ойымша, одақ құрылуы үшін қажетті алғашқы қадам жасалды да - билік басындағы партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Одақтың құрылатындығы туралы жария етті және де Қазақстан қоғамы оған қызу қолдау білдірді. Енді екінші қадам - одақ жұмысын ұйымдастыру қалды», - дейді Ы.Мырзахметов.