Елбасы Ресей Президентіне адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- «Домодедово» әуежайында бейбіт азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануына алып келген лаңкестік әрекет туралы хабарға қатты күйзелдім.

Қазақстан халқы және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын,- делінген көңіл айту жеделхатында.