Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО-дағы өкіл имамы Смайыл Сейітбек мәлім етті.
Оның айтуынша, Елбасының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуға байланысты референдумға барша қазақстандықтар секілді мұсылман жамағаты да өз үндерін қосуда. «Біздің облыстың барша имамы мен ресми дін жолында жүрген жамағат бұл бастаманы қызу қуаттайды. Біздің еліміз Елбасының төрағалығымен ЕҚЫҰ Саммитін ойдағыдай өткізді. Алда талай асу тұр. Биыл Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына жетекшілік ететін болады. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты арқасында елімізді мекендеген жүзден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті ғұмыр кешуде. Тек біздің еліміздің ғана емес, алты құрлықтың игі ниетті жандары әркез Елорданың төрінде осындай жиындарда бас қосып, бір-біріне деген ықыластарын танытуда. Дүние жүзіндегі тыныштық пен бейбітшілікті сақтауда да Елбасымыздың ықпалы ерекше. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы облыстағы мешіттерінің барлық діни қызметкерлері осы бастаманы бірауыздан қолдап, өз үндерін қосады. Еліміздің тыныштығы мен береке-бірлігі арта бергей», деді имам.
16:57, 31 Қаңтар 2011
Елбасы саясатын мұсылман қауымы да қолдап отыр - С.Сейітбек, БҚО
ОРАЛ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Егемен еліміз Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына қадам басты. Осы жылдар ішінде елімізде ұлан-ғайыр өзгерістер болып, ел еңсесі биіктей түсті. Қазақстан атты қуатты мемлекетті бүкіл әлем таныды.