«Арыстан» СҚЗ» ЖШС директоры Александр Зубенконың айтуынша, бүгін зауыттағы іске қосылып отырған куаттылықты ескере отырып, өндірістің өнімділігі жылына 30 мың тонна полиэтиленді құбырды құрамақ. Зауыттың өнімі жоғары қысымды су, газ, кәріз жүйесі желісінде пайдаланылады. Оны пайдалану мерзімі 50 жылға жарамды болмақ.
«Өте маңызды өндіріс. Оның құрылысын аяқтағандарыңыз өте жақсы болды. Осындай қажетті жаңа кәсіпорын құрылғанымен құттықтаймын. Адамдар жоғары мамандандырылған жұмыспен қамтылады. Табысты болыңыздар. Өндірісті іске қосыңыздар», - деді Мемлекет басшысы.