«Мен кеше және бүгін Мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлестім. Мен оған Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы жағдай туралы баяндадым. Президент маған тікелей тапсырма берді: ауыл еңбеккерлерін қамқорлықсыз қалдырмау керек. Үкімет биылғы қолайсыз жылдың салдарын жұмсарту үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. - деді К.Мәсімов. - Жыл жақсы болған кезде сіздер есесін қайырасыздар. Қазір біз сіздерге көмектесуге тиіспіз».
Биылғы жылы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында аса қатты қуаңшылық болып тұр, егістіктің 50 пайыздан астамы күйіп кетті.