19:19, 13 Сәуір 2009
Елбасы тапсырмасын орындауда қаржының орнымен жұмсалуын қадағалаудың маңызы зор ? Мәжіліс депутатының пікірі
ОРАЛ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы тапсырмасын орындауда қаржының орнымен жұмсалуын қадағалаудың маңызы зор. ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитеті және дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген қаржыны «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық бақылау бойынша комиссиясының төрайымы Гүлжан Қарағұсованың
ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, Елбасымыздың бастамасымен шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығы кешеніне және инновациялық-индустриялық секторға үлкен қаржы бөлінді. Жалпы дағдарысқа қарсы бағдарламаның орындалуын негізінен құрамына құқық қорғау органдарының, басқа да құзырлы ведомстволардың жетекшілері кіретін Үкіметтің жанынан құрылған арнайы комиссия қадағалайды. Бөлінген мемлекет қаржысының ысырап болғанын көрсе, олар жазалау шарасымен де айналысады. Ал аталмыш комиссия төмен жақтан бақылау жүргізеді. Нақтылап айтқанда, аталмыш бағдарлама бойынша бөлінген қаржының белгіленген нысанға дәл жетіп, оның игерілуі қадағаланады. «Бізде жазалау құқығы жоқ, егер бір олқылықтарды байқасақ, онда ол жайтты Үкіметтің, партия басшылығының назарына ұсынамыз. Мәселен, биылғы үш айдың ішінде біз екі рет осындай ұсыныс жасадық. Ол ұсынысымыз ескерілді. Қазір банктер де бізбен санасады. Өйткені қаржы ? халық қазынасы. Сондықтан оның орнымен жұмсалуын бақылау ? біздің де абыройлы парызымыз», - деді Мәжіліс депутаты.