16:02, 10 Сәуір 2009
Елбасы тауар биржасының айналымын 200 млн. доллардан асыруға тапсырма берді - Әркен Арыстанов
АЛМАТЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның тауар биржасының айналымы биыл 200 миллион доллардан асырылмақ. Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Әркен Арыстанов бүгін Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін осылай айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Президент 2009 жылы тауар биржасының айналымын 200 миллион доллардан асыруды тапсырды. Тауар биржасында саудаланатын өнімдер қатарында астық, металл, жанар-жағармай, алтын мен фьючерс бар», - дейді Әркен Арыстанов. Оның айтуынша, Елбасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігіне инвестициялық сауаттылықты арттыру бағдарламасын жалғастыруды да жүктеп отыр.