осы сессияда индустриялық саясат туралы заң жобасын, ғылым туралы заңның жаңа редакциясын, мұнай өнімдерін өндіру және жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік реттеу туралы заң жобасын, арнайы экономикалық аймақтар туралы заң жобасын қарастыру керек. Сонымен қатар шаруа-фермерлік шаруашылықтардың қызметтері туралы, Электр энергетикасы саласында жұмыс істейтін ұйымдардың қызметтері туралы заңнамалық базаны жетілдіру қажет.
«Жобалық қаржыландыру және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заңды қабылдаудың маңызы зор. Ол менің жыл басындағы Жолдауымда айтылған жаңа бизнес бастамаларды қаржыландыруға мақсатталған», деді Н. Назарбаев.
Президенттің айтуынша, сонымен қатар осы сессияда Сауда қызметін дамытуға бағытталған заңды қабылдау керек. Мемлекеттік монополияға жатқызылғандардың қызметін реттейтін және бақылайтын құқықтық базаны жетілдіру керек. «Бұл заң жобаларының бірқатары Парламентке енгізіліп қойылды. Үкіметке басқаларын әзірлеуді жеделдетіп және оны Мәжіліске ағымдағы жылдың соңына дейін енгізуді тапсырамын», деді Президент.