Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдардағы отырыстарына қатысуы, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланып отыр.
11:24, 24 Тамыз 2018
Елбасы Түрікменстанға сапармен барды
ТҮРІКМЕНБАШЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Түрікменбашы қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.