«Инновациялық қызметтің кеңінен еніп, таралуы үшін Үкіметке өнімділік пен инновацияның салалық орталықтарын құруды тапсырамын. Олар тікелей өнеркәсіптік кәсіпорындармен жұмыс істеулері шарт. Бұл ретте иновациялық жобалардың еншілес қаржыландыру ауқымын да кеңейте түсу қажет. Инновациялық ортаны дамыту үшін зияткерлік меншікті қорғайтын жаңа заң керек. Ал елімізде және қазақстандықтар арсында инновациялық дүниетанымды қалыптастыру үшін Астанада Қазақстанның ғылым мен технологиясының жетістіктеріне арналған көрме ашуды тапсырамын», - деді Елбасы.
Бұл ретте Президент ондай көрмелер Қазақстанда қандай жаңалықтар ашылып жатқанын, өндіріске не енгізу керектігін көрсетуі қажеттігін айтып өтті.