Елбасы Ұлттық банк басшылығының алдына әлемдік дағдарыстың келеңсіз ықпалын еңсеруге бағытталған нақты міндеттер қойды

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесудің барысында Ұлттық банкінің макроэкономикалық және ақша-несие саясатының перспективалық бағыттары талқыланды.Елбасы Ұлттық банк басшылығының алдына Қазақстанның қаржы жүйесіне әлемдік дағдарыстың келеңсіз ықпалын еңсеруге бағытталған нақты міндеттер қойды.