Президент ұстанған сара саясат ел ішіндегі тыныштық пен достыққа жол ашып, елімізді мекендеген халықтар мен мемлекеттің мүддесін біріктіріп отыр. Соның ішінде Казақстандағы барлық ұлт пен ұлыстың татулығы Президенттің әрдайым назарында келеді. Оған дәлел - Қазақстан халықтары Ассамблеясы. Бұл туралы Зеленов ауданы орыс ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Лидия Андрейщева мәлім етті.
Оның айтуынша, тәуелсіздік алғалы ассамблея сан түрлі ұлт өкілдерін татулыққа үндеген үлкен институтқа айналды. Осы орайда жергілікті жердегі ұлттық-мәдени орталықтар да белсенділік танытып келеді. Аудан орталығында ашылған «Достық үйінде» әжелер ансамблі, татар, орыс, украин, белорус және славян орталықтары жұмыс істейді. «Мемлекеттік тілді үйрену мақсатында біз қазақ әндерін шырқап, аудан, облыс көлемінде атқарылып жатқан шараларға қатысып отырамыз. Құрбан айт, наурыз, пасха, масленница сияқты мейрамдарды барлық ұлт өкілдері бірге тойлаймыз. Біздер Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызға мақтанамыз. Достығымыз жасай берсін», деді ол.