Бұл туралы ҚР Президентінің Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Б.Ә.Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Жарлығы
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 6 қараша 2013 жыл
№ 682