ОРАЛ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауы Батыс Қазақстан облысында кеңінен насихатталуда.
Облыс орталығы мен аудандарда құрылған үгіт-насихат топтары мүшелері тұрғындармен кездесіп, Жолдауда айтылған негізгі бағыттарды түсіндіруде. Бұл іске құқық қорғау органдарының өкілдері де атсалысуда. Айталық, Ақжайық ауданының прокуроры Абзал Ғилым Жайық сол жағалауындағы Есенсай, Қарауылтөбе, Базартөбе, Базаршолан округтерінде болып, тұрғындармен жүздесті. Кездесулерде Елбасы Жолдауы туралы жан-жақты әңгіме қозғалып, ауыл-аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, полиция инспекторының қылмыстың алдын алуға байланысты қам-қарекеті, мал ұрлығы, браконьерлікпен күрес, маскүнемдік сынды өткір мәселелерге дейін көтерілді. Азаматтардың конституциялық, еңбек құқығын қорғау, кәсіпкерлерді қолдау, жасырылған және тіркелмеген қылмыстарды анықтау жайы да сөз болды.
Елбасы Жолдауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары барлық ауданда жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).