ОРАЛ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Тәуелсіздіктің 20 жылдығына қадам бастық. Жақында ғана Елбасымыз, «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа өз Жолдауын жеткізді. Жолдауда Қазақстанның алдағы он жылдықтағы өрлеу стратегиясының нақты бағыт-бағдары көрсетілген.
«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанаты атқарушы хатшысының орынбасары Ажар Нұралының мәлім еткеніндей, Президентіміз еліміздің өркендеуіне негіз болған төрт басты тұғырды айқындады. Еркіндік, бірлік, тұрақтылық және осы факторлардың негізінде Отанымыздың гүлденіп дамуы. Әрине, айта берсек, ұтымды да оралымды ойлары аз емес.
«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деп жасампаз елдің жастарына қай уақытта да үлкен сеніммен қараған Елбасы бұл жолы да бізді назарынан тыс қалдырмады. Ұлттың кемел келешегіне, бүгінгі жас ұрпаққа артылар ең үлкен міндет - сананың түзу жолмен қалыптасуы мен білімділік, жан-жақтылық жасампаз елдің жастарына тән екендігін тағы да айтты. Әлемдік білім бәсекесінің шыңына еліміздің ең кемінде екі жоғары оқу орны шығуы керек деген үлкен үміті де осы жастардың қолында. Саннан сапаға көшер сәттің келгендігін тілге тиек еткен Елбасымыздың салиқалы саясаты қазақ елін қашан да қияға жетелері хақ», деп түйіндеді ойын А.Нұралы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).