Жылдағы дағдымен Президентіміздің сөзін бұл жолы да зейін қойып тыңдадым. Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағытына толыққанды талдау жасап, бағыт-бағдарды айқындады. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анатолий Сигунов мәлім етті.
-Жолдауда кәсіпкерлікті дамытуға жаңа серпін берілетіні ерекше аталып өтті. Мен ауылды дамытуға арналған тың шараларды толық қолдаймын, деді А.Сигунов. Жаңа инвестициялар тартылса, жаңа технологиялар көптеп енгізілсе, еңбек өнімділігі күрт артып, ауылдарымыз бүгінгісінен де ажарланып, халықтың тұрмысы қазіргіден де жақсара түсетіні даусыз.
«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру дегеніміз - мектеп-интернаттардың, балабақшалардың, мәдениет ошақтарының көптеп салынуы, жолдардың жөнделуі, «Таза су» жеткен ауылдардың көбеюі және коммуналдық қызмет көрсету саласын дамыту болып табылады.
Жолдауда айтылғанындай, салауатты өмір салтын насихаттауға, ел халқының бұқаралық спортқа барынша ден қоюына баса мән берілмек. Ауданымыз бұған дейін де бұл мәселеде облыста алдыңғы қатардан көрініп келді, алда да көріне бермек.
«Өзім Елбасымыздың отандастарымыздың өмірін ұзартып, тұрмысын көркейтуге бағытталған сарабдал саясатын толық қолдаймын. Әрі осы ортақ мұрат-мақсатқа жету жолында өзім де қалтқысыз еңбек ететін боламын», деп қорытты ойын А.Сигунов.