ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауының жастар өмірінде атқарар маңызы зор. Өйткені онда жастарымыздың алдына да нақты міндеттер қойылды. Бұл туралы батысқазақстандық жастар бірлестіктерінің белсенділері мен жетекшілері бас қосқан конференцияда айтылды.
«Темір Бүркіт» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Эльмира Килбетованың айтуынша, студенттер қазірдің өзінде ғылыми және техникалық бағыттар бойынша қызу жұмыс жүргізуде.
Студент жастардың ғылыми жаңалықтары мен жоғары технологияны қолданудағы құлшыныстарын «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің президенті, облыстық мәслихат депутаты Ақсерік Әйтімов те қолдады.
-Елбасы Жолдауы барлық жастар жетекшілеріне ой тастауы тиіс, - деді М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің психологы, студенттік өзін-өзі басқару белсендісі Альфия Жақсығалиева. - Біз Жолдауды жүзеге асыру жолын нақты белгілеп, ел дамуы хақында ұсыныс-пікірлерімізді жеткізуге тиістіміз. Мемлекет болашағы жастардың қолында десек, оған әркім де атсалысуы керек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).