ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауын ел арасында насихаттауға әділет саласы қызметкерлері де белсене араласуда. Бұл туралы БҚО әділет департаменті бастығының орынбасары Күнсәуле Аралбекова мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, Елбасы құқықтық сала қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойғаны мәлім. Өңірде осы бағытта тақырыптық дәрістер оқылып, семинарлар ұйымдастырылуда. Айталық, облыс орталығында жұмыс жасайтын «Заң және біз», «Жасөспірім және заң» кинодәрістеріне әділет басқармасының қызметкерлері үнемі қатысып, әдістемелік көмек көрсетуде. Сол секілді Шыңғырлау, Бөрлі, Қаратөбе, Зеленов, Бөкей ордасы аудандарында Елбасы Жолдауы мен ҚР қолданыстағы заңдарын түсіндіру мақсатында семинар, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды.
Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).