ОРАЛ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын насихаттау мен жүзеге асыруға «нұротандықтар» атсалысатын болады.
Бұл туралы 29 қаңтар күні өткен «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы саяси кеңесі бюросының отырысында айтылды.
Облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, партияның әр мүшесі бұл жұмысқа белсене араласуы тиіс. Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырғанындай, партия билік пен халықтың арасын жақындастыра түсуі керек. Түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып, барлық жұмыс халықтың тұрмысын, әл-ауқатын көтеруге бағытталуы қажет.
Жиында насихат жұмыстарымен аудан орталықтары ғана емес, шалғайдағы елді мекендер тұрғындары да қамтылуы тиіс екендігі айтылды. Түрлі оқу орындарында білім алатын, сондай-ақ ауыл жастары ұмыт қалмауы керек. Саяси кеңес бюросының мүшелері Жолдауды жүзеге асыруға байланысты нақты ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Әр салаға жетекшілер, алда атқарылуы тиісті іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).